Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі күздегі эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады
Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі күздегі эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады
© egemen.kz
Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов қарашаның соңына дейін еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады.   
"Күзде коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақтанады. Өткен жылы да осылай болған", - деді Шоранов.
  Оның айтуынша, коронавирустың өршуіне климаттың қатысы жоқ. Қазақстанмен климаты ұқсас келетін Ресейде қазір коронавирус өршіп тұр.  
"Ұзақ мерзімге болжам жасай алмаймыз. Болжам екі айдан аспауы тиіс. Бұл әлемдік тәжірибе негізінде жасалады. Қарашаның соңына дейін болжам жасадық. Соған сәйкес, эпидемиялық жағдай тұрақты болады. Көктемде ахуал қалай болатынын жылдың басында айтамыз", - деді Шоранов.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға қашан маскасыз жүруге болатынын айтқан болатын.