Ер адам букмекерлік кеңсені өртеп жібермек болды
Ер адам букмекерлік кеңсені өртеп жібермек болды
Фото: pexels.com
БҚО-да ер адам букмекерлік кеңсені өртеп жібермек болды. БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ақсай қаласында Теміржол көшесінде болды. Букмекерлік кеңсеге келген ер адам қызметкерден ақша талап еткен. Ойлағаны орындалмағаннан кейін кеңседен шығып, тез жанатын сұйықтықпен ғимаратты өртемек болған. Сол маңда жүрген полиция қызметкерлерінің қырағылығы арқасында қайғылы оқиғаға жол берілген жоқ. Қаскүнем ұсталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.