Қазақстандық балуан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алды, — деп хабарлайды Olympic.kz. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұбаныш белдесуінде ресейлік Абу-Муслим Парчиевтен басым түсті. Айта кетерлігі, Шерзод Давлатов  жарыстың ширек финалына дейін қарсылас шақ келтірген жоқ. Алайда жартылай финалдық жолдаманы сарапқа саларда отандасымызды грузин балуаны Георгий Сардалашвили тоқтатты. Ол енді жарыстың қола жүлдесін жеңіп алу үшін өзбекстандық Камолиддин Бахтиёровпен кездеседі.