7 қазанға арналған ауа райы болжамы
7 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: kaz.zakon.kz
128
оқылды

Бүгін солтүстік-батыс антициклонының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында және таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстікте, орталықта және оңтүстік облыстарда жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі. Алакөл көлдері аумағында желдің күші  - 15-20 м/с. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Ақмола, Павлодар облыстарының шығысында, солтүстігінде тұман түседі. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с болады. Қызылорда облысының орталығында түнде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз 15-20 м/с, облыстың орталығы мен оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады, облыс орталығында шаңды дауыл тұрады. Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында және солтүстік-шығысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.