Полиция департаментінің дерегінше, Ақтөбе қаласының тұрғыны баласын грантқа оқуға түсірмек болып, 1,3 миллион теңгесінен айырылып қалған.
40 жастағы ақтөбелік 2 шілде күні бейтаныс адамның қолына бар ақшасын ұстатып жіберген.Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.«Ол бейтаныс адаммен дәмханада кездесіп, келіскен. Күдікті қаладағы университеттердің біріне «ақысыз бөлімге» оқуға түсуге жәрдемдесетінін айтып, қызметі үшін 1 300 000 теңге көлемінде сыйақы алған. Жедел іздестіру барысында полицейлер күдіктіні анықтады. Ақтөбе қаласының 44 жастағы тұрғыны екені белгілі болды», – дейді полицейлер.
Бұған дейін әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы ҰБТ-дағы заңға қайшы әрекеті үшін тест тапсырудан шеттетілгенін хабарлаған болатынбыз.