Шығыс Қазақстанда үйінен қашып кеткен 8-сынып оқушысы Алматыда тұрмысқа шыққан
Шығыс Қазақстанда үйінен қашып кеткен 8-сынып оқушысы Алматыда тұрмысқа шыққан
Фото: nur.kz
264
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, Өскеменде 48 жастағы әйел қыркүйекте полицияға хабарласып, қызы жоғалғанын айтқан.

Оның 8-сыныпта оқитын қызы маусым айының соңында үйден кетіп қалған. Әйел қызды Алматыдан тауып, үйіне алып келуге бел буған. Қаладан шыққан кезде жанармай бекетіне тоқтаған сәтте оның қызы қайтадан қашып кеткен. 19 қыркүйекте жедел іздестіру нәтижесінде, ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері Алматыдан жасөспірім қызды тапты. Жедел уәкілдер қыз үйден өз еркімен кеткенін анықтаған. Ол Алматыда өмір сүргісі келіп, сығандар дәстүрі бойынша тұрмысқа шығып кеткен. Тәртіп сақшылары оны ата-анасының үйіне қайтарды.

Бұған дейін шаштаразға кетіп, кейіннен мәйіті орманнан табылған қыз туралы жазған болатынбыз.