Азық-түлікті қарызға алған әйелдің теледидары мен асүй жиһазын тартып алды
Азық-түлікті қарызға алған әйелдің теледидары мен асүй жиһазын тартып алды
Фото: polisia.kz
227
оқылды

Қарызын уақытылы қайтара алмаған соң, дүкен иесі әйелдің теледидары мен асүй жиһазын алып кеткен.

Оқиға Түркістан облысы Ордабасы ауданында болған. Полицияға жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, күндізгі сағат 16:00 шамасында үйіне танысы келіп, «дүкендегі қарызыңды төлемедің» деп LG маркалы теледидары мен асүй жиһазын алып қойғанына шағымданды.

Жалпы шығын көлемі – 200 мың теңгеден астам. Факті ҚК 389-бабы (Өзінше билік ету) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтады. Нәтижесінде, әйелдің заттарын тартып алған күдікті ер адамды анықтады. Жапа шеккен әйел күдіктінің дүкенінен қарызға азық-түлік алып жүрген. Бірақ қарызын осы уақытқа дейін қайтармаған. Күдікті ақшасын басқа жолмен өндіріп алмақ болған. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін қарызын қайтару үшін полицейдің қойын баққан ер адамның өзіне-өзі қол жұмсағанын жазған болатынбыз.