Бұдан былай автобусқа да электронды билет жарамды – министрлік
Бұдан былай автобусқа да электронды билет жарамды – министрлік
Фото: m.ru.sputnik.kz

Бұдан былай елімізде автобуспен қатынау үшін электронды билет алуы тиіс. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі хабарлады.

Биыл 4 қазанда шыққан бұйрықта көрсетілгендей, жолаушы автобусқа мінерде сатып алған электронды билетін немесе жеке куәлігін көрсетсе жеткілікті. Куәліктің түпнұсқасынан бөлек, цифрлық құжаттар сервисіндегі электронды нұсқасы жарамды.

Халықаралық және қалааралық бағыттағы автобустың жолақысы мен жүк ақысы бұрынғыдай қабылданады. Автобекеттер мен жолаушыға қызмет көрсететін орындар арқылы алуға болады.