Жамбыл облысы Тараз қаласында «Таразға тарту» жобасы аясында демеушілер есебінен бірнеше нысан бой көтерген болатын. Соның бірі коронавирус кеселімен күресте көз жұмған дәрігерлердің құрметіне ашылған «Денсаулық саябағындағы» мүсіндерді белгісіз біреулер қиратып кетуде.
Ақ халатты абзал жандар бейнесіндегі ескерткіштің басын алғаш рет бұзып кеткенде қала әкімдігі бірден назарға алып, қайта қалпына келтірген болатын. Алайда бүгін бұзақылар ескерткішті тағы қиратып кетіп отыр. Осыған орай жергілікті билік бұқараға үндеу тастады.
«Денсаулық» саябағындағы COVID-19 індетімен күресте қайтыс болған медицина қызметкерлерін еске алуға арналған, күні кеше қайта жөнделген ескерткіш тағы да бұзылды.
Саятхан Сатылған,
Жамбыл облысы