Қаржы пирамидасының белгілері бар ұйымдар мен жалған брокерлердің тізімі жарияланды
Қаржы пирамидасының белгілері бар ұйымдар мен жалған брокерлердің тізімі жарияланды
© inform.kz
269
оқылды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар ұйымдардың тізімін жариялады. Тізімге 121 субъект, оның ішінде қаржы пирамидасының белгілері бар 56 ұйым және 65 заңсыз инвестициялық делдал (жалған брокер) кірген. Агенттік олардың қызметінде заңсыз қызмет белгілерін анықтады.
«Тізімді жариялау қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған және осындай компанияларға байланысты тәуекелдердің уақытылы алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге осындай тізімді қалыптастыру нарықтағы әділ бәсекелестікті қолдауды және заңсыз қызмет белгілері бар субъектілерді тиімді түрде анықтауды қамтамасыз етеді», - делінген агенттік хабарламасында.
Заңсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімімен мына жерде танысуға болады.