3 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
3 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
© exk.kz
5,172
оқылды
"Қазгидромет" РМК бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады. Түнде және таңертең 8 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с-ке жетеді. Қызылорда облысының орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында және оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с-ке көтеріледі.