«Ақорданың» хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан Президенті Ресей Федерациясымен арадағы стратегиялық және одақтастық қарым-қатынастарды, оның ішінде, интеграциялық үдерістер аясындағы байланыстарды одан әрі жан-жақты дамытудың маңыздылығын айтты.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.