Алматы қаласы ТЖ департаменті алдағы күндері ауа райы қолайсыз болатынын, әсіресе таулы жерді тұман басатынын мәлімдеді.
8-10 қазанда Алматы тауларында түнде және таңертең тұман күтіледі. Соған байланысты ТЖД тауға баратын туристерге қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады.Ең алдымен ыңғайлы киім мен аяқ киімді таңдаңыз. Өзіңізбен бірге алып жүруге керек заттардың ішінде міндетті түрде: жылы заттар, ұялы телефонға қосымша қуат көздері, шам және от жағуға арналған құралдар болуы керек. Сондай-ақ GPS навигаторын өзіңізбен бірге алған жөн, - делінген хабарламада.