ШҚО-да жол апатынан екі адам мерт болды
ШҚО-да жол апатынан екі адам мерт болды
Фото: semeynews.kz
138
оқылды
Шығыс Қазақстан облысындағы «Cемей-Қайнар» тасжолында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 2 адам көз жұмды, тағы үшеуі жарақат алған. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты бүгін таңертең «Семей-Қайнар» автожолының 378-ші шақырымында болды. Volkswagen және Daewoo маркалы көліктер бетпе-бет соқтығысқан.
«Соның салдарынан Daewoo көлігінің 30 жастағы жүргізушісі мен 63 жастағы жолаушысы сол жерде жан тәсілім етті. Сондай-ақ сол көліктегі 2003 және 2004 жылы туған екі жолаушы мен Volkswagen көлігіндегі 49 жастағы жүргізуші дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», - делінген ақпаратта.