«Астана» қатары толықты
«Астана» қатары толықты
135
оқылды

Америкалық велошабандоз Джо Домбровски қазақ­стан­дық «Астана» велокомандасымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы елордалық клуб­­тың баспасөз қызметі мә­лім­деді.

Мансабын 2013 жылы бастаған 30 жастағы велошабандоз алдағы екі маусымды қазақстандық командада өткізеді. – «Астана» – бай тарихы бар үздік команда. Бұл ұжым велоспортта көптеген жетістіктерге жетті. Сондықтан «Астанаға» ауысқаныма өте қуаныштымын. Алға қойған мақсатымызды білу үшін маусым­аралық оқу-жаттығу жиынында командамен және басшылықпен кездесуді асыға күтемін. Командалық тапсырма да, жеке мақсат та мен үшін маңызды саналады, – деді Джо Домбровски.

А.ЖАСАНҰЛЫ