8 қазанға арналған ауа райы болжамы
8 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: qarmaqshy-tany.kz

Тек еліміздің шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында ғана қар және қар аралас жаңбыр жауады.

Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, түнде және таңертең оңтүстік және оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыс және орталықта тұман түседі. Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында тұман, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыс және таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 мтерге жетіп, екпіні 23-28 м/с болады. Түнде және таңертең Алматы облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі, күндіз Алакөл көлдері аумағында  желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Түркістан облысының солтүстігінде, батыс және таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, екпіні 25 м/с-ке жетеді. Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 мтерге жетеді, екпіні 23 м/с болуы ықтимал, облыстың орталығында шаңды дауыл тұрады.

Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде және солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі.