72 келі салмақта әйелдер арасындағы жарыс мәресіне жетті – деп жазады Vesti.kz.
72 келі салмақта күрескен Жәмила Бақбергенова жапондық Масако Фуруитиден жеңіліп қалды.Жарыста Қазақстан спортшысы күміс медальге ие болды. Жәмила Бақбергенова иеленген медаль – ересектер арасындағы Әлем чемпионатындағы алғашқы жүлде.
Жапон спортшысы Масако Фуруити алтын медаль алды. Ол 2019 жылы өткен Әлем чемпионатында күміс медаль иеленген. Оның 2018 жылғы Азия чемпионатынан қола, 2017 жылы өткен Әлем чемпионатынан күміс медалі бар.