«Теледидарға жаңа ресейлік арналарды қосып беремін» – көршісінің атынан кредит алған алаяқ ұсталды
«Теледидарға жаңа ресейлік арналарды қосып беремін» – көршісінің атынан кредит алған алаяқ ұсталды
Фото: rolime.ru

Оқиға Түркістан облысы Сайрам ауданында болған.

Полиция көршісінің атынан онлайн несие алған алаяқты ұстады. Жәбірленушінің айтуынша, оның жеке куәлігін пайдаланып, онлайн 35 мың теңге кредит алған. Қарызы 60 мың теңгеге көбейген.

Полицейлер күдікті ретінде жәбірленушінің көршісін ұстады. Себебі, алаяқ жәбірленушіні «теледидарыңа ресейлік жаңа арналарды қосып беремін» деп алдаған. Ол үшін өзін, жеке куәлігін фотоға түсіріп алу керектігін айтып, сендірген. Құжатты пайдаланып, несие рәсімдеген.

Бұған дейін танысының атынан 25 кредит алған теміртаулық туралы жазған болатынбыз.