Видеоға қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ресми хабарлама таратты.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің мәліметінше, видеодағы сарбаз Қызылорда облысы бойынша Қорғаныс істері департаменті 2021 жылғы 25 қыркүйекте мерзімді әскери қызметке шақырған. Ол 27 қыркүйекте қызмет өткеру орнына келген. Қызылорда облысының әскерге шақыру комиссиясы оны әскери қызметке жарамды деп таныған.30 қыркүйектен бастап сарбаз Алматы қалалық ҰҚК госпиталінде тексеріліп жатыр. Әскери-дәрігерлік комиссия оның одан әрі қызмет өткеруі туралы шешім қабылдайды.29 қыркүйекте ол құрысу ұстамасының белгілерімен Үшарал қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.
Бұған дейін «Ішіне жын кірген...» сарбаз туралы жазған болатынбыз.