Министрдің бұйрығы: вакцина салдырмағандар жұмысқа жіберілмейді
Министрдің бұйрығы: вакцина салдырмағандар жұмысқа жіберілмейді
Фото: karavantver.ru

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынуы (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға» толықтырулар енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.

Жаңа талап биыл 17 қазаннан бастап күшіне енеді. Бұйрықта коронавирусқа қарсы вакцина алған қызметкерлерге мекемеге кіруге рұқсат етілетіні туралы айтылған. Вакцина алмағандар ПТР тестің теріс қорытындысы немесе тұрақты медициналық қарсы көрсетілім туралы медициналық анықтама өткізген жағдайда жұмыс орнына кіре алады.

Бүгін «қызыл» аймақтағы өңірлер саны артқанын жазған болатынбыз.