«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз турын ұйымдастырды. Ондағы басты мақсат – жылыту кезеңінде тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету процесін көрсету. Іс-шара барысында журналистер Нұр-Сұлтан қаласындағы көмір сатудың негізгі нүктелеріне – теміржол тұйықтарына, отын қоймаларына, түсіру алаңдарына барды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да тамыз айынан бастап апта сайын Қазақстан бойынша көмір тасымалдауды үйлестіретін көмір разрездері өкілдерінің қатысуымен жедел штаб жұмыс істейтінін ескертті.
Сонымен қатар жол бөлімшелерінде жедел мониторингтік топтар жұмыс істейді. Күн сайын олар көмір қорының нақты мөлшері туралы ақпарат жинайды және қажеттіліктер көлемін болжайды.
Баспасөз туры барысында теміржолшылар кірме жолдардың иелеріне тиеу-түсіру операциялары кезінде вагондардың тұрып қалуын болдырмау басымдықтарын түсіндірді.
«Баспасөз турына қатысушылар елорда тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етуде ешқандай проблема жоқ екеніне көз жеткізді, көмір уақтылы түсірілуде», - деп атап өтті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов.Тұрғындар арасында «Шұбаркөл» (Қызылжар станциясы) және «Қаражыра» (Дегелен станциясы) маркалы көмірі үлкен сұранысқа ие. Бұл ретте Қаражыра көмірі жоспарға сәйкес әкелінген қатты отын жалпы көлемінің 20%-ын құрайды. Нұр-Сұлтан қаласында 14 кіреберіс жол бар. Баспасөз турын өткізу кезінде оларда көмірі бар 75 ашық вагон, елордаға жақын тағы 138 ашық вагон болды. Жақында келіп те қалуы керек. Қыркүйек айында «Ospanoff» ЖШС кірме жолына 100 вагон көмір жеткізілді, ал қазан айында 1,5 есе – 150 вагонға дейін көмір алу жоспарланып отыр. «Орион-А» ЖШС кірме жолында 510 тонна көлемінде көмір қоры, «Ив-Транс 2030» ЖШС кірме жолында 320 тонна «Қаражыра» маркалы көмір бар. Теміржолшылардың мониторингтік топтары бүкіл ел бойынша жұмыс істейді. Олар процесстің барлық қатысушыларымен бірге көмірмен қамтамасыз ету бойынша барлық мәселені дер кезінде шешіп отырады.