Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: newtimes.kz
104
оқылды
Қазгидромет 9 қазанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 9 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман түседі. Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда желдің күші 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с сақталады. Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 17-22, екпіні 27 м/с жетеді.