ШҚО-да үш көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті
ШҚО-да үш көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті
123
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында үш көлік соқтығысып, 48 жастағы әйел зардап шекті. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 8 қазанда болды. Subaru автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі метеорологиялық жағдайды ескермей, жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберген. Соның салдарынан тайғанап кеткен көлік қарсы бағытқа шығып, тура сол маркалы көлікке және ВАЗ-ға соқтығысты. https://www.youtube.com/watch?v=85UGMQ6nuIY&feature=emb_title «Осылайша, 3 көлік жол апатына түскен. «ВАЗ» автокөлігінің 48 жастағы жолаушысы дене жарақатын алды. Қазіргі уақытта ол Риддер қалалық ауруханасына жеткізілген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.