Жемқор 228 миллионды қалтаға басқан
Жемқор 228 миллионды қалтаға басқан

Маңғыстау облысының квази­мемсектордағы жемқор жүздеген миллион қар­жы­ны заңсыз олжалаған. Бірақ оны Қаржылық мониторинг агенттігінің тергеушілері біліп қойып, темір торға қама­ды.

Ведомствоның пайымдауынша, бюджет қаражатын жымқыру – тек шенеуніктер арасында ғана емес, сонымен бірге квазимемлекеттік секторда, яғни мемлекет қаржы­ландыратын жеке кәсіп­кер­лер арасында да кең таралған эко­номикалық қылмыс. Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті қызмет­керлері бюджет қаржысын заңсыз иемдену және ысырап ету фактісін әшкереледі. «Негізі, «Ақтау тұрғын үй» ЖШС-ның 100%, жалғыз құрыл­тайшысы – Маңғыстау облысы­ның Қаржы басқармасы. 2018-2020 жылдары осы «Ақтау тұрғын үйі» мен «Комфорт Строй Актау» ЖШС арасында Ақтау қаласын­дағы 23 тұрғын үйді күрделі жөн­деу­ден кейін қабылдау және тұр­ғын үй-пайдалану қызметіне, сон­­дай-ақ тұрғындардан ай сайын­­­ғы қайтарымды төлемдері мен тұрғын үй көмегін есепке алу­ды жүргізуге және қабылдауға қаты­сты шарт жасалды. «Комфорт Строй Актау» ЖШС директоры Ю.Коренева заңсыз баю үшін ЖШС-ның есеп айырысу шоттарынан 228 миллионнан астам теңге ақшаны шешіп алған», – деп хабарлады агенттік. Тиісінше, осы мол қолма-қол қара­жатты иеленіп кеткен. Ақтау қала­лық сотының үкімімен Ю.Коренева 7 жылға бас бостан­дығынан айырылды.

Ерік ЕРДЕНОВ