«Nur Otan» партиясының Тараз қалалық филиалында «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнінде жиналыс өтті. Мұнда аталған бағдарлама аясында Жол картасы міндеттерінің орындалу жайы талқыланды.
Қалада Жол картасы бойынша 2025 жылға дейін 107 іс-шараны, оның ішінде 2021 жылы 86 жобаны жүзеге асыру көзделген. Есепті кезеңде 2021 жылға бекітілген іс-шараның 35-і орындалды. Сайлауалды бағдарламада жоспарланған міндеттердің орындалуы жөніндегі мәселелер қала әкімінің төрағалығымен өткізілген жиналыста – 4, қалалық жобалық топтың отырысында – 2 және «Nur Otan» партиясы филиалы жанындағы Қоғамдық кеңес отырысында 4 рет қаралды. «Nur Otan» партиясының брендтелетін нысандар тізіміне 6 нысан енгізілген. Қазір құрылыс жұмысы аяқталған 2 нысанға брендтеу тақтайшасы ілінді. Талқылау барысында Жол картасы көрсеткіштерінің орындалуы бойынша кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жұмыспен қамту, білім, тұрғын үй қатынастары салалары басшыларының есептері тыңдалды. Жиын соңында Жол картасы көрсеткіштерін орындау мақсатында тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма берілді.Дәулет АСАУ