Банк қызметкері заңсыз кредит рәсімдеген
Банк қызметкері  заңсыз кредит рәсімдеген
413
оқылды

Кейінгі кезде қазақстан­дықтар өз атына әлдекім­дер­дің несие рәсімдеп алғанына жиі шағымданатын болды. Әдетте, бұл – алаяқтардың ісі. Алайда кейде оған банк қызметкерлерінің де қатысы болатын көрінеді. Polisia.kz дерегінше, Түркістанда банк қызметкері тұрғынның атынан заңсыз несие рәсімдеген.

Түркістан облысының полицейлері 5 миллион теңгені алаяқ­тық жолмен алған деген күдікпен банк қызметкерін ұстады. Тәртіп сақшыларына жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйел өз атынан әлдекімдер заңсыз несие рәсімдегенін айтқан. Бұл фактіні полицейлер Қылмыстық кодекс­тің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Қылмысты тез арада ашып, күдіктіні құрықтау мақса­тында полицейлерден арнайы топ құрылып, іске кіріскен. Нәтижесінде, полицейлер кү­дік­тіні қолға түсірді. Белгілі бол­ғандай, орта жастағы күдікті азамат банк қызметкері болып қыз­мет атқарған. Оның осыдан 4 ай бұрын банкке несие алуға келген жәбірленушінің құжаттарын пайдаланып, заңсыз 5 миллион теңге рәсімдегені анықталды. Ал ақша­ны өз пайдасына жұмсаған. Бү­гін­де тәртіп сақшылары күдік­тінің осындай өзге алаяқтық жайттарына қатысын тексеріп жатыр. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлері тұрғындарға кез келген құжатқа қол қоймас бұрын жақ­сылап оқып, танысуға кеңес береді.

Елдос СЕНБАЙ