Конгода катер аударылып, 100-ден астам адам қаза тапты
Конгода катер аударылып, 100-ден астам адам қаза тапты

Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-батысында Конго өзенінде катер аударылып, 100-ден астам адам қаза тапқан немесе із-түзсіз жоғалған, – деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

Апат 5 қазанға қараған түні болған. Өзеннен 51 мәйіт табылды, 69 адам із-түзсіз жоғалған, – деді Монгала провинциясының өкілі Нестор Магбадо. Ол 39 адамның аман қалғанын айтты. Жергілікті билік осы апаттың құрбандарын еске алу үшін 11 қазаннан бастап үш тәулікке аза тұту күнін жариялады.