Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған Жәмила Бақбергенова елге оралды
Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған Жәмила Бақбергенова елге оралды
Фото: kaz.nur.kz
178
оқылды
Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен күміс жүлдегер атанған Жәмила Бақбергенова елге оралды. Жанкүйерлер әлемдік сынның жүлдегерін құрметпен күтіп алды, – деп хабарлайды Olympic.kz.  Жәмила 72 келі салмақта белдесіп, күміс медаль иегері атанған болатын.
"Жанкүйерлердің қолдауын шын сезіндім. Маған демеу берген жандарға көп рахмет! Әлем чемпионаты мен үшін күміспен аяқталды. Әрине, алтын алсам деген мақсатым болды. Бірақ бұйырғаны күміс екен. Жапон Масако Фуруитимен осымен төртінші рет кездесіп, үшеуінде ұтылдым. Оны Иван Ярыгин турнирінде бір рет жеңген екенмін. Ендігі мақсат – олимпиадалық салмаққа ауысу. Содан соң Азия ойындары мен өзге де ірі жарыстарға дайындаламыз", – деді Жәмила.