БҚО-да жол апатынан 2 адам мерт болды

БҚО-да жол апатынан 2 адам мерт болды

Оралда екі автокөлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, – деп жазады mgorod.kz. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін шамамен сағат 16.15-те Абай даңғылы бойында болған. «Тойота» орталығы тұсында «Мерседес» пен «Лада Приора» автокөліктері соқтығысты. Оқиға орнында шамамен 40 жастағы әйел мен 45-тегі ер адам қайтыс болды.