Жанармай құю бекетінің маңында ер адамның мәйіті табылды
Жанармай құю бекетінің маңында ер адамның мәйіті табылды
Ақтауда жанармай бекетінің маңынан ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды  Lada.kz сайты. [caption id="attachment_165226" align="alignnone" width="1000"]Жанармай © PHOTO : LADA.KZ[/caption] Ақтау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 қазан күні сағат 09:29-да Ақтау полиция басқармасының "102" пультіне 8-шағынауданда орналасқан жанармай бекетінің артынан белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны жөнінде қоңырау түскен.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.