Қазақстан құрамасы өз алаңында Босния және Герцеговинаға есе жіберді

Қазақстан құрамасы өз алаңында Босния және Герцеговинаға есе жіберді

Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Боснияға қарсы кездесу өткізді. Талғат Байсуфинов келесі құрамды шығарды: Покатилов, Быстров, Малый, Алип, Вороговский, Куат, Логвиненко, Шомко, Зайнутдинов, Жуков, Щеткин. Кездесу Нұр-Сұлтанда, "Астана Аренада" өтті және 0:2 есебімен Боснияның пайдасына аяқталды. 25-минутта Смайл Превляк қонақтарды алға шығарса, 66-минутта ол дубль орнатты. Осылайша, Қазақстан құрамасы алты кездесуде үш ұпай жинап, топтағы ең соңғы орынға жайғасты. Қазақстан құрамасы келесі кездесуді 12 қазанда Финляндиямен болатын матчта өз алаңында өткізеді.