10 қазанға арналған ауа райы болжамы
10 қазанға арналған ауа райы болжамы
© exk.kz
120
оқылды
Қазақстанның басым бөлігінде 10 қазанда жауын-шашын болады. Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр жауады. Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында бұршақ түседі, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда тұман болады, оңтүстік-батысында желдің екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді. Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында желдің күші 15-20 м/-ке дейін жетеді. Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, түнде Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.