Орынборда 26 адам ішімдіктен уланып көз жұмды
Орынборда 26 адам ішімдіктен уланып көз жұмды
Ресейдің Орынбор облысында ішімдіктен уланып қайтыс болғандар саны 26-ға жетіп, 56 адам зардап шекті, деп хабарлайды ТАСС.
«Зардап шеккендер саны 49 адамнан 54-ке өсті. Ауыр халде ауруханаға жеткізілгендер де қайтыс болды. Жалпы, 26 адам көз жұмып, 28-і аман қалған, тағы бір бөлігі стационарда жатыр», - деді Орынбор облысы өңірлік және ақпараттық саясат министрінің орынбасары Инна Аверкова.
[caption id="attachment_165242" align="alignnone" width="1020"] width= Фото: ТАСС[/caption] Контрафакт ішімдіктен улану туралы хабар 7 қазан күні түнде түскен. Тергеушілер мен полицейлер қойма мен өндіріс бекетін тауып, 600 литр спирті бар сұйықтықты тәркіледі.