Елордада «қара тізімге» енгізілген 51 құрылыс компаниясының тізімі жарияланды
Елордада «қара тізімге» енгізілген 51 құрылыс компаниясының тізімі жарияланды
Сурет: klimkin

Елордада 51 құрылыс компаниясы қара тізімге енгізілді, - деп хабарлайды turkystan.kz сайты. 

Яғни олар «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» заңда көрсетілген тиісті рұқсатсыз үлескерлердің қаржысын тарта алмайды. Қалалық әкімдік өзінің ресми сайтында осындай құрылыс ұйымдарының тізімін жариялады. Ақшаны қабылдағандары әкімшілік және қылмыстық кодекс бойынша жауапқа тартылады. Осы ретте әкімдік өкілдері тұрғындарды сақ болуға шақырады. Қара тізімде халыққа кеңінен танылған компаниялар да бар.