Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапова (10-2) UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Vegas 39 турнирінде ол колумбиялық Сабина Мазоны жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
24 жастағы спортшы қарсыласын үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді. Жекпе-жек бойы екі файтер де белсенді болып, шабуылдауға тырысты. Бірақ басымдық қазақстандық спортшыда болды. Үшінші раундта Мазо жекпе-жекті белсенді өткізе бастады. Бірақ Мария да сәті келгенде шабуыл жасап тұрды. Агапованың бір соққысы қарсыласқа дөп тиіп, Сабина нокдаунға түсті. Артынша қазақстандық спортшы қылқындыру әдісін жасап, жеңіске жетті.