Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатын бір қоламен аяқтады
Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатын бір қоламен аяқтады
138
оқылды
Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында аралас-командалық сын бойынша жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz. Қазақстан жастар құрамасы алғашқы белдесуін Италияға қарсы өткізді. Екеуара команда арасындағы кездесу 4:1 есебімен қарсылас команданың еншісіне шешілді. Айта кетерлігі, ел құрамасының сапынан тек 73 келіде татамиге шыққан Данияр Шамшаев қарсыласын жеңді. Қалған жас дзюдошылар жеңіліс тапты. Сонымен, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатын бір қола жүлдемен аяқтады. Оны 60 келіде белдескен Шерзод Давлатов жеңіп алған болатын.