ШҚО-да жол апатынан 5 адам қаза тапты
ШҚО-да жол апатынан 5 адам қаза тапты
Фото: tengrinews.kz
165
оқылды
Бүгін Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам, оның ішінде бір жасар бала қаза болды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қазанда сағат 01.00 шамасында LADA автокөлігі Қарауылдан Саржал ауылына қарай келе жатқан. Кенет 45 жастағы жүргізуші жолдың 152 шақырымында рөлді басқара алмай қалып, көлік аударылып кетті.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші, 39, 36, 35 және 1 жастағы төрт жолаушы сол жерде мерт болды. 35 жастағы тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.