Роналду әлем рекордын жаңартты
Роналду әлем рекордын жаңартты
267
оқылды
Футболдан Португалия ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Катарды жеңді. Португалияда өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Криштиану Роналду (37-минутта), Жозе Фонте (48) және Андре Силва (90) гол соқты. Роналду үшін бұл ұлттық құрамадағы 181-матч болды. Осылайша ол испаниялық қорғаушы Серхио Рамосты (180) озып, ұлттық құрамадағы ойындар саны бойынша еуропалық рекордты жаңартты. Португалия құрамасы сапындағы 181 матчта Роналду 112 гол соғып, 41 нәтижелі пас берген. Осылайша, шабуылшы ұлттық құрама сапындағы голдар саны бойынша әлем рекордын жаңартты. Ол 2021 жылы ұлттық құрама сапында он гол соққан. Сонымен қатар Катар Роналдудың халықаралық матчтарда гол соққан 46-елі болды. Бірде-бір футболшы осынша құрамаға гол салмаған. Португалия құрамасымен бірге Роналду 2016 жылы Еуропа чемпионы атанып, Еуро-2012 "қоласын" және Еуро-2004 "күмісін" алған, 2019 жылы УЕФА Ұлттар лигасын жеңіп алған болатын.