Татарстанда апатқа ұшыраған ұшақтың видеосы жарияланды
Татарстанда апатқа ұшыраған ұшақтың видеосы жарияланды
Фото: РИА Новости.
Татарстанның Мензелинск қаласының маңында бортында 23 жолаушысы бар ұшақ құлады, деп хабарлады РИА Новости. https://youtu.be/Lp35Qw-msUg L-410 ұшағының бортында 20 парашютші мен екі экипаж мүшесі болған. Ұшақ Мензелинск қаласындағы қону жолағынан ұшқаннан кейін құлаған. Алдын-ала болжам бойынша, 16 адам көз жұмып, алтауы зардап шекті. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккен алты адамның біреуінің жағдайда ауыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, пилоттар көз жұмды. Екі жолаушы ұшақтан тірі шығарылды. Жолаушыларды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.