Қазақстандық файтер жеңісі үшін алған рекордтық соманы қайда жұмсайтынын айтты
Қазақстандық файтер жеңісі үшін алған рекордтық соманы қайда жұмсайтынын айтты
Фото: eurosport.ru
130
оқылды
Қазақстандық файтер Мария Агапова (10-2) колумбиялық Сабина Масоны (9-3) жеңгені үшін алған ақшасын қайда жұмсауды жоспарлап отырғанын айтты, – деп хабарлайды Sports.kz. «Пәтерді жалға алғым келеді, өйткені қазір досымның үйінде тұрамын. Маған қамқор болғаны үшін Брэндон мен оның анасына рақмет! Өте ризамын және оларға сыйлықтар алғым келеді. Енді өзім пәтер жалдайтын боламын, бақыттымын. Сондықтан көшуге дайындаламын», – деді спортшы. Еске сала кетейік, Агапова Масоны үшінші раундта жеңген болатын. Осы жекпе-жекте Мария рекордтық сома ( 94 000 доллар) тапты.