Қызылорда облысы Қазалы ауданы Тасарық ауылында №238 мектептің бу қазандығы жарылды.
Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Әкімдіктің мәліметінше, қазандық жарылған мектепке аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен орынбасарлары, аудандық білім бөлімі мен төтенше жағдайлар қызметінің басшылары арнайы барды. Жағдай қатаң бақылауда. Қазіргі таңда апат болған жерде арнайы құрылған жұмысшы топ апаттың себебін зерделеп жатыр. Мектептің бу қазандығын жуық арада қалыпына келтірілмек.Бұған дейін Түркістан облысында мектеп оқушылары дәретханада білім алуға мәжбүр екенін жазған болатынбыз.