47 жастағы ер адам 7 қазан күні үйден шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
Дереу жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылып, оған Шортанды ауданының полиция және өрт сөндірушілер бөлімінің жеке құрамы түгел жұмылдырылған. Полицияның мәліметінше, іздеуге еріктілер де қатысқан. Сүңгуірлер аудан аумағындағы су қоймаларын тексерген. Шортанды және Дамса ауылдарының арасындағы ормандар мен екпе ағаштарды сүзіп шыққан полиция қызметкерлері ер адамның мәйітін орманның ішінен тапты.«Хабар-ошарсыз жоғалған ер адам сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта қайтыс болған адамның денесі Нұр-Сұлтан қаласындағы мәйітханаға жеткізілді. Сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы