Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
158
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, — деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Қазақстан Президенті Татарстан Республикасы Мензелинск қаласының маңында кісі өліміне әкеліп соқтырған ұшақ апаты туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.
– Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендер тезірек сауығып кетеді деп үміттенемін, – деп жазылған жеделхатта.
Еске салсақ, Татарстанда жеңіл ұшақ апатқа ұшырады, бірнеше адам қаза тапты. 11 қазанда Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды.