Президент Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрін қабылдады

Президент Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Иван Корчокты қабылдады, — деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Қазақстан-Словакия қатынастарының перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты аймақтық қауіпсіздік мәселелері қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Иван Корчоктың Қазақстанға сапарының маңыздылығына тоқталып, бұл кездесу екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретінін атап өтті.