Елорда арқылы қатынайтын пойыздар таңертеңнен бері өз уақытынан кешігіп жатқандықтан, Нұр-Сұлтан-1 вокзалында кезекте тұрған адам көбейді.
«11қазанда техникалық себептер бойынша Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Қырқыншы станцияда Нұр-Сұлтан-1 станциясынан келетін және кететін жолаушылар пойызы қозғалысының жұмыс кестесі бұзылды. Бұл вокзалда адам санының көбеюіне себеп болды», - деп мәлімдеді «Қазақстан Темір жолы» ҰК баспасөз қызметі.Белгілі болғандай, Қырқыншы станцияда теміржолды жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазір барлық пойыздар өзі кестелері бойынша қайта жолға шықты. Тек Нұр-Сұлтан – Сарыағаш бағытындағы пойыз келу уақытынан кешігуі мүмкін.