Қазақстанда қоғамдық инспекторлар пайда болады

Қазақстанда қоғамдық инспекторлар пайда болады

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тиісті бұйрық жобасын әзірледі. «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта қоғамдық инспекторлар жануарларға арналған пана аумағына және оның үй-жайларына ғана дербес кіруге құқылы екені көрсетілген.

Жануарларға қарау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде қоғамдық инспекторлар фото және видеотүсірілім жасап, дыбыс жазу (аудиожазба) құралдарын пайдалана алады.