Алматы облысында 20 әкім бюджет қаражатын жымқырғаны үшін жауапкершілікке тартылды
Алматы облысында 20 әкім бюджет қаражатын жымқырғаны үшін жауапкершілікке тартылды
Сурет: inform.kz
139
оқылды
Алматы облысында мемлекеттің ақшасын қолды қылған 20 әкім (облыстық – 6, қалалық – 4, аудандық – 9, ауылдық –1) жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.
«Облыс бойынша департаменттің биылғы 9 айда атқарған жұмысының нәтижесі бойынша 87 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, оның 72,4%-дан астамы немесе 63 қылмыс сыбайлас жемқорлық фактісіне жатқызылды. 70 адам сотталды, оның ішінде 65 адам 119 млн теңгеден астам сома айыппұлға, 2 адам бас бостандығын шектеуге, 3 адам бас бостандығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Қылмыстық істер бойынша келтірілген залал сомасы 3,8 млрд теңгені (3 850 843 791 теңге), оның 97,2%-ы немесе 3,7 млрд теңгесі (3 742 332 191 теңге) өтелді», — дейді департамент басшысы.