Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам мерт болды
Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам мерт болды
Фото: instagram.com/dorogi_karagandy
147
оқылды
Абай-Шахтинск тас жолында жол апаты орын алып, екі 18 жастағы жігіт және 52 жастағы әйел көз жұмды. Абай-Шахтинск автожолында Lada Priora автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, 59 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Нива-21213 автокөлігімен соқтығысқан. Алдын-ала мәліметтер бойынша, жігіт рөлге ие бола алмай қалған.
«Медициналық мекемеге Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы жеткізілді. Lada Priora автокөлігінің 18 жастағы жолаушысы есінен танып, ауруханада қайтыс болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.