Eл чемпионатының жеңімпаздары анықталды
Eл чемпионатының жеңімпаздары анықталды
270
оқылды

Шымкентте көркем гимнастикадан жекелей сын бойынша Қазақстан біріншілігі аяқталып, жеңімпаздар есімі анықталды.

Шығыршықпен жаттығудан шымкенттік Баян Қойбағар топ жарды. Ол 22,250 ұпай жинады. Доппен жаттығуда елордалық Ділназ Байленова 21,700 ұпаймен жеке-дара көш бастап, жеңіске жетті. Сондай-ақ Баян ұршықпен жаттығудан (22,850), Ділназ таспамен жаттығудан (18,750) бірінші орын иеленді. Үш шығыршы және екі жұп ұршықпен жаттығудан Нұр-Сұлтан командасы тұғыр биігіне көтерілді. Бес доппен жаттығуда да елордалықтар бірінші орынды ешкімге берген жоқ.

Әбілмансұр ЖАСАН