Жамаубаев қазынадан бөлінген қаржыны игере алмаған министрліктерді атады
Жамаубаев қазынадан бөлінген қаржыны игере алмаған министрліктерді атады
Фото: minfin.kz
174
оқылды

Министрдің айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шығысы 99,7%-ке, республикалық бюджет шығысы – 99,8%-ке, жергілікті бюджеттердің шығысы 99,7%-ке орындалды.

«Былтырмен салыстырғанда нәтиже жоғары. Республикалық бюджет бойынша 11 трлн теңгенің 6 млрд теңгесі үнемделді. Игерілмегені –13 млрд теңге. Бөлінген қаржыны Мәдениет және спорт, Денсаулық сақтау, Әдiлет, Цифрлық даму, Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері игере алмай отыр. Төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген. Алайда орындалған жұмыс актілері, шот-фактуралар уақтылы тапсырылмаған. Сондай-ақ қазынашылық органдарына төлем шоттарын кеш ұсыну, сотта мемлекет мүддесін қорғау жөніндегі талап-арыз да бар, – деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Бұған дейін жалған құжат арқылы қазына қаржысын жымқырғандар сотталғаны туралы жазған болатынбыз.